Шымкент. 9 қаңтар. 7kun.kz –Түркістан облысының шенеунігінен 50 миллион теңге бопсалаған кәсіпкер ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.
Күдіктіні Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған. Мемлекеттік мекеме басшыларының бірі полицияға жүгініп, күдікті оның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты таратамын деп жеке кәсіпкер 50 миллион теңге бопсалаған.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 194-бабы («Қорқытып алу») бойынша тіркелді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады.
Ол бұрын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысқан мегаполис тұрғыны болып шықты. Алайда ол конкурстан жеңіліп, жәбірленушіні кінәлаған. Оны полицейлер 45 миллион теңгені қолма-қол алу кезінде ұстады. Оның 40 миллион теңгесі жалған ақша болды.
Күдікті қамауда. Оған қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024