Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шымкентте полицейлер жоғалып кеткен тауыс құсын тапты (Видео)

Шымкентте полицейлер жоғалып кеткен тауыс құсын тапты (Видео)

Шымкент. 22 маусым. 7kun.kz – Шымкентте полицейлер жоғалып кеткен тауысты тапты. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Нұртас шағын ауданының тұрғыны Павел есімді тауыс құс қорасынан жоғалып кетті деген хабармен полицияға жүгінген.

«Таңертең оянған ер адам Павелдің құс қорасынан жоғалып кеткенін байқаған. Ол дереу өз бетімен іздеуді бастаған, бірақ нәтиже шықпай, полициядан көмек сұрады», – деді ПД-да.

Полиция бүкіл төңіректі, көрші үйлер мен аулаларды аралап, оқиға куәгерлерінен сұрау жүргізді. Құс бейнебақылау камераларының көмегімен табылған. Павел бір сағаттың ішінде иесіне қайтарылды.

https://www.youtube.com/watch?v=KuBvrZ4hP_U&t=22s

Похожие материалы