Шымкент. 25 мамыр. 7kun.kz - Шымкенттегі «Химфарм» АҚ антибиотик ұнтақтарын асептикалық жолмен бөліп салу цехы ашылды. Ұнтақ дәрінің 17 түрін өндіретін жаңа цех жылына дәрілік препараттардың 24 миллион құтышасын шығаруға қауқарлы. Бүл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жаңа цехтың ашылуы өз кезегінде қажетті өнімдерге деген тәуелділікті жойып, шетелдік жеткізушілерді азайтады.
GMP халықаралық стандартына сәйкес келетін жаңа цех Орта Азиядағы жаңғыртылған жоғарғы өндіріс орны болып табылады.
Ашылу салтанатына «СК-Фармация» басқарма төрағасы Нұржан Әлібаев, ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов пен компанияның бас директоры Ижи Урбанец қатысты.
Кәсіпорынды кеңейтіп, өнімділікті арттыру мақсатында фармацевтикалық компанияға құны 75 млн долларды құрайтын инвестиция тартылуда. Сонымен қатар, мұнда жыл соңына дейін фармацевтикалық препараттарды өндіретін үшінші өндірістік циклды іске қосу жоспарлануда.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024