Шымкент. 25 шілде. 7kun.kz – Шымкентте үш жасар бала үйдің ауласындағы бассейнге құлап кетті, деп хабарлайды 7kun.kz.
Жазатайым оқиға 23 шілде күні болған. Түнде сағат 22-30-да ересектердің қарауынсыз қалған үш жасар бала жеке тұрғын үйдің ауласындағы тереңдігі 1,4 метр болатын бассейнге құлап кеткен.
«Оқиға Абай ауданының Қызылжар тұрғын үй алабында Сығанақ көшесінде болды. Бала қалалық балалар ауруханасына жатқызылды, жағдайы ауыр. Аспирациялық синдром диагнозы қойылды. Мидың ісуі бар, комада жатыр», - дейді құтқарушылар.
Сондай-ақ бір жарым сағаттан кейін жедел медициналық көмек сұраған тағы бір хабарлама түскен. Абай ауданы Самал-3 шағын ауданындағы Мейірімді көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында үш жасар бала септикке құлап кеткен. Ол да шұғыл қалалық балалар ауруханасына жатқызылды.
Төтенше жағдайлар департаменті кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024