Шымкентте жұмыссыздар саны азайып келеді. Бұл туралы Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының жауаптылары мәлімдеді.
Осыған орай, Шымкент қаласы Абай саябағындағы «Бейнелеу өнері» мұражайында халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Елбасымыздың «Қазақстан Жолы—2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасында негізгі басымдықтардың бірі болып табылатын жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу үшін қалада ұймдастырылып жатқан жәрмеңкелер осының дәлелі. Айтулы шараға өңірдің 201 кәсіпорын мен мекемелер қатысып, олар 2015 бос жұмыс орындарын ұсынды. Биыл қаланың жұмыспен қамту органдары алдына ауқымды жоспарлар қойған. Атап айтсақ, бағдарлама аясында 400 адамды әлеуметтік, 533 жас түлекті жастар практикасына, 148 азаматты қайта даярлау курсына оқытуға, 1520 азаматты қоғамдық жұмыс орындарына тартуға құлшынуда. Өңірдегі 9092 бос жұмыс орындарына, 1338 жұмыссыз жанды мемлекеттік және аймақтық бағдарлама шеңберінде жұмысқа алу жоспарланды. Жыл басынан бері аталған бағдарлама аясында 14 997 азамат жұмыспен қамтылса, олардың 593-і әлеуметтік салаға, 1796-сы қоғамдық жұмыс орындарына, 148 азамат қайта даярлау курсына оқытуға жолданды. Шымкент қаласы бойынша 2015 жылғы жылдық жоспарына сәйкес 479 мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту межеленсе, қазіргі таңда 429-ы жұмыспен қамтылды. Фото: mzsr.gov.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024