Шымкенттегі «Нұрсәт» ықшам ауданында құрылысы 10 айға созылған «Солтүстік» инновациялық электр станциясы ашылды деп хабарлайды Otyrar.kz.
«Оңтүстік Жарық Транзит» ААҚ-ның инвестициялық жаңғырту бағдарламасына сәйкес жүргізілген жоба ең қымбат жоба деп бағаланып отыр. Миллиардтаған қаржы жұмсалған нысан Нұрсәт, Қайтпас-1, Нұртас шағын аудандарының тұрғындарына қызмет етеді. Тұрғын үй секторынан өзге әлеуметтік маңызға ие нысандар да дәл осы электр станциясынан жарық алады. «Электр станциясын салу кезінде отандық және шетелдік заманауи құрал-жабдықтар қолданылды. Негізгі құрал-жабдықтардың көлемі шағын. Бұл құрылыс жұмыстары кезінде өте ыңғайлы болды. Онда Кентау трансформаторлық зауыты өндірген қуаты 4000 ваттық 2 трасформатор бар. Ал өзімізде шығарылмайтын жабдықтар Ресей мен алыс шетелдерден әкелінді»,-дейді «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС жетекші инженері Самитдин Нұртаев. Бірнеше қабатты және салмағы тоннаға жуық құрал-жабдықтардан тұратын электр станциясы автоматты түрде жұмыс істейді. Сондықтан болар, тек бір ғана жұмысшы барлық жабдықты басқарады. Ал мәліметтер ағынын негізгі монитордан көруге болады. Заманауи қосалқы станция қауіпсіз әрі үнемді делінген хабарламада. Ақпарат көзі: Оtyrar.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024