Шымкент. 20 қазан. 7kun.kz – Оқиға 25 қыркүйекте болған. Таңғы сағат 7-де полицияға Түркістан облысындағы ауруханалардың біріне оқ жарақатын алған 23 жастағы жігіт жеткізілгені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды 7kun.kz.
Полицейлер жедел іздестіру шаралары барысында Шымкенттің 23 жастағы тұрғынын қала аумағында қолға түсірді.
«Қыркүйектің 24-нен 25-не қараған түні күдікті қаладағы көпқабатты үйдің алдында екеуара болған ерегістің соңында белгісіз қарудан қарсыласына оқ атқан. Ішіне оқ тиген жәбірленуші ауруханаға түсті, - делінген қалалық полиция департаментінің хабарламада.
Полиция күдіктінің қаруын жасырып қойған жерінен бір «Макаров» тапаншасы мен 3 оқ тәркіледі. Заттай айғақтарға тиісті сараптамалар тағайындалды.
Ол бұрын екі рет сотталған болып шықты. Қазір ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024