Шымкент қаласында 1 мамырдан бастап автобустардағы жол ақысы 70 теңгеге қымбаттайды, деп хабарлайды otyrar.kz.
Студенттер үшін төлем ақы 50 теңге болады. Ал 15 жасқа дейінгі балалар жаңа тарифтің 50 %-ын, яғни 35 теңге төлейді.Транспорт жол ақысын қымбттату туралы шешім қала маслихатының 58 сессиясында қабылданды.
Хабарламада айтылғандай, ҰСО ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, көп балалы аналар мен "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлері қоғамдық көлікте бұрынғысынша тегін жүреді. Сондай-ақ, тегін жүретін тұрғындардың қатарына Шымкент қаласының құрметті азаматтары да кіретін болды.Айта кетейік, Шымкент қаласында қоғамдық көліктердегі жол ақысы соңғы рет 2012 жылы 35 теңгеден 50 теңгеге көтерілген болатын.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





