Шымкент. 30 тамыз. 7kun.kz - Шымкентте әлеуметтік желілер арқылы балаларға «мектепке қажетті құралдар тегін үлестірілетіні» туралы хабарлама тарады. Бұл туралы inform.kz хабарлады.
Хабарлама оқығаннан кейін, көптеген ата-ана балаларын ертіп, қала орталығындағы Пушкин кітапханасына жиналған.
Әлеуметтік желідегі жалған ақпарат басқа да бірқатар ауданға тараған. Кітапхана алдына Арыс қаласы мен Ордабасы ауданынан да ата-аналар келген. Олардың барлығы да жаңа оқу жылы қарсаңында ұялы телефондарына «WhatsApp» желісі арқылы хабарлама түскенін айтады. Онда «2010 және 2011 жылы туған балаларға мектепке қажетті құралдар тегін таратылады» делінген.
Ата-аналар ақпараттың жалғандығын кітапхана алдына келгенде бірақ білді.
«Біз бұл жерге балаларымызбен бірге келген едік. Алайда хабарламаның өтірік екенін біліп отырмыз. Сол хабарлама жібергендер тым болмаса кітап, сызғыш берсе де өкпелемес едік. Балаларды оқу басталмай жатып өтірікке баулып отырмыз. Бұл жерде жағдайы орташа және нашарлары да бар», - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Орынкүл Әбдірайымова.
Ата-аналар хабарламаның жалған екендігіне әбден көз жеткізгеннен кейін үйлеріне тарқасты.
Қазір Оңтүстік облыстық Ішкі істер департаментінің өкілдері бұл ақпараттың шығу төркінін анықтауда.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024