Financial Times бағалауынша, Сингапур жаңа жобаларға бағытталатын тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша дүние жүзі қалаларының тізімінде кезекті рет бірінші орынды иемденді.
2014 жылдың қорытындысы бойынша Сингапур жаңадан басталатын жобаларға (greenfield projects) құйылатын шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша қайтадан бірінші орынға шықты. 2014 жылы 390 компания Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қалада 11 млрд доллар жалпы сомаға 409 жобаны іске қосатыны туралы жариялады. Екінші орында - 334 жобамен Лондон қаласы, үшінші орынға 245 жаңа жобасымен Шанхай "жайғасты". Financial Times ұсынған деректерге сүйенсек, рейтингтің алғашқы жиырма қаласының шамамен 50%-ы дамушы мемлекеттерде орналасқан. Сингапур бұл рейтингте 2013 жылдан бері көш бастап келеді,бұл қаланың көрсеткіштері 2014 жылы одан әрі жақсара түсті.Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024