2016 жылдың ортасында сингапурлық билік алғаш рет жүргізушісіз жүретін автобустарды сынау жұмыстарын бастайды. Бұл туралы pronedra.ru хабарлады.
Сынақ жұмыстары алты жолақты жолда жүргізіледі. Осындай автобустардың сериясы іске қосылғаннан кейін жолаушыларға кесте бойынша қызмет көрсететін болады деп күтілуде. Жоба барысында бейнекамералар орнатып және сынақ барысында мониторинг жүйесін іске қосады. Сонымен қатар, кептелістер, жол апаттары болған жерлер жайында ақпарат беріп отыратын құрылғылар орнатылады.
Айта кетсек, АҚШ Daimler өндірісіндегі ауыр жүкті тасымалдауға арналған өздігінен жүретін көліктерді қолдануға лицения берген еді. Бұл көлік АҚШ төңірегінде пайдалануға рұқсат беріліп, өзін-өзі басқару жүйесіндегі ең ірі көлік құралы болды. Дегенмен, әлі де жүк көлігі төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында жүргізушіні талап етеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024