Сирия оппозициясы: Астанадағы келіссөздер қорытындысы туралы мәлімдемеге қол қойылмауы мүмкін
Астана. 24 қаңтар. 7kun.kz - Сирия оппозициясының қатысушы өкілдері қорытынды мәлімдемеге қол қоймауы мүмкін. Бірақ, Астанадағы келіссөзде уақытша бітім жасалатындығынан үміттері бар. Бұл туралы Сирия оппозициясының келіссөз кеңесінің кеңесшісі Яхиа аль-Ариди мәлімдеді.
«Біздің тараптан шешім қабылданбайды. Мәлімдемені Ресей, Түркия және мүмкін Иран жүргізеді»,-деді Ариди.
Оның пікірінше, мәлімдеме оны БҰҰ таныстыратындай мықты болмайды. «Қазір оппозиция делегациясы бітімге келу жолдары туралы жұмыс істеп жатыр. Біз бұған үлкен жауапкершлікпен қараймыз. Келісімге келу үшін әрбір детальға үлкен назар аударамыз. Егер мәлімдемені мақұлдаса, келіссөздер бүгін аяқталады. Ол бойынша әлі де жұмыстар жүргізіліп жатыр»,-деп атап өтті келіссөз кеңесшісі.
Өз кезегінде, БҰҰ-ның арнайы елшісі Стаффан де Мистуро келіссөздердің бүгін аяқталатындығын сенімді түрде жеткізді. «Біз көп күш жұмсап жұмыс істеп жатырмыз. Сондықтан барлығы бүгін аяқталады деп ойлаймын»,-деді ол.
«Шешуші мәлімдеме соғыстың нақты тоқтатылуын бекітеді. Мәселе тек қағазда емес қантөгістің тоқтатылуында»,-деп өз пікірін білдірді арнайы елші.