Алматы. 2 наурыз. 7kun.kz — Астанада 14-15 наурызда Сирия туралы келіссөздердің үшінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды РИА Новости. Кездесу болатын күнді БҰҰ Сирия істері бойынша елшісі Стаффан де Мистура растады.
Осыған дейін кездесудің 21 наурызға дейін өткізілетіні туралы сөз болған еді. Бірақ бас қосудың қандай форматта өтетіні туралы нақты ақпарат жоқ. Жақында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері кездесу техникалық деңгейде өтетінін айтқан.
Сирия туралы келіссөздердің бірінші кезеңі 23-24 қаңтарда Астанада өтті. Сириядағы жағдайды реттеу туралы келіссөздің екінші кезеңі 15-16 ақпанда болды. Келіссөз нәтижесінде Иран, Ресей және Түркияның қатысуымен Сириядаға татуластыққа жауап беретін мониторингтік топ құру туралы келісім болды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024