Барлығы қаржылық, әлеуметтік жағдайының жақсы болғанын қалайды. Бірақ оны жүзеге асыру әркімнің қолынан келе бермейді. Өйткені оның да өзіндік заңдылықтары бар. Назарларыңызға адамды кедейліктен арылтпайтын 9 себепті ұсынамыз.
- Сіз жеңілістен қорқасыз
Жеңілістен қорқатын адам ешқашан бай бола алмайды. Егер бай болғыңыз келсе, жолыңыздан шыға келетін жеңіліске де дайын болуыңыз керек. Себебі ол да өмірдің бір бөлшегі ретінде кез келген адамның жолында пайда болатын құбылыс. Одан қашудың орнына, мойымай қарсы алыңыз және сол қиындықтан шығатын тиімді жолды табыңыз.
- «Менің қолымнан келмейді» деп ойлайсыз
Болашақтан үлкен үміт күтер болсаңыз, өз-өзіңізге сенім артыңыз. Егер «менің мақсатқа жетуге ешқандай мүмкіндігім жоқ» десеңіз, расымен де сіздің мүмкіндігіңіз жоқ бола келеді. Армандаңыз, және бай болатыныңызға күмәнданбаңыз. Мотивацияны көтеру үшін танымал бизнес кітаптары мен сенімділік беретін туындыларды оқысаңыз, тіптен жақсы.
- Жаныңыздағы адамдар сізді қанаттандырмайды
«Достарыңның кім екенін айт, ал мен сенің кім екенінді айтамын». Дұрыс айтылған сөз. Расымен де, жаныңызда сізге мотивация беретін, қуаттандыратын жандардың болуы - үлкен артықшылық. Қазірдің өзінде ол маңызды емес деп ойлап отырған боларсыз, бірақ сыртқы ортаның сізге қалай әсер ететіндігін білмеуіңіз мүмкін. Жалқау, ешнәрсеге қызығушылығы жоқ, өз бизнесін ашудан қашқақтайтын адамдардың жанында жүруден сізге ешқандай пайда келмейді. Олармен бірге қандай да бір жоспар құрудың өзі, армандарыңызбен бөлісудің өзі бос әурешілік. Ал жақсы жолдастармен бір мақсатқа ұмтылар болсаңыз, бай болуға апаратын жол да айтарлықтай қысқарады.
- «Маған тәжірибе жеткіліксіз» деп ойлайсыз
«Маған тәжірибе жеткіліксіз» деп көпшілігі алдына үлкен мақсат қоюдан бас тартып жатады. Осы орайда барлық тәжірибе, кәсіби тұрғыдан шыңдалу уақыт өте ғана пайда болатындығын ұмытпау керек. Бастапқы уақытта қателіктер жібергенімен, ол нәтиже арқылы сіз тек дами түсесіз. Жан-жағыңызға қарап көріңізші, миллионер атанып отырғандардың көпшілігі ақша табуды кішігірім лауазымнан, алғашқы текпешектен бастаған. Кедей отбасыдан шыққан, жақсы білім алмағандардың өзінен кейіннен миллиондаған доллар қаражат тауып отырған тұлғалар да бар. Мысалы, Уолт Дисней, Чарли Чаплин, Опра Уинфри, Соичиро Хонда және тағы басқалар.
- Сізде нақты мақсат жоқ
Егер сіз өзіңізге не керектігін, не қалайтыныңызды білмесеңіз, қандай да бір мақсатқа жете алмайсыз. Нақты жоспар құрыңыз, мысалы, айына немесе жылына осынша ақша табуым керек, қарыздан құтылуым керек, баспаналы болуым керек және тағы да басқа дегендей. Дегенмен, шамаңыздан тыс, орындалмас сандар мен міндеттерді жазып, жоспарыңызды мүмкін еместей қиындатудан аулақ болыңыз.
- Интернетті қолданбайсыз
Дәл қазір интернетті қолданбай, үлкен ақша табу өте қиын. Әлемді бір-бірімен байланыстыратын желі арқылы бай болып отырғандар да бар. Интернет арқылы дүкен ашуға, блог жүргізуге немесе қандай да бір қызметтерді ұсынып, халыққа көмек көрсетуге болады. Сондықтан бұл тиімді әрі пайдалы құралдан бас тартпаған жөн.
- Сәттілікке сеніп, ақша тапқыңыз келеді
Құмар ойын – кейбірі тәуекелге баратын бай болудың ең нашар жолы. Керісінше, бар ақшадан айырылу деңгейі жоғары. Егер сіздің айтарлықтай үлкен жоспарыңыз, ойыңыз болмаса, қолдағы ақшаңызды өз-өзіңізді дамытуға жұмсаңыз. Әрине, бұл – баяу процесс болуы мүмкін, дегенмен түбінде сізге жақсы нәтиже беретіні анық.
- Сіздің кеңесшіңіз жоқ
Сізге бағыт-бағдар беретін адамның болғаны өте үлкен артықшылық. Ол - бұрын үлкен жетістікке жеткен, бай болу мақсатын орындай білген адам. Сізге кеңесін беру арқылы көптеген қателіктің алдын-алуға көмек береді. Ондай адамсыз байлыққа ұмтылу – біршама кедергіге ұрындыруы әбден мүмкін.
- «Ақша тек жамандық әкеледі» деп ойлайсыз
Ақша – адамның өз-өзімен жұмыс істеуі үшін ойлап табылған ең таңғажайып құрал. Кез келген салада, өмірдің барлық жағдаяттарында аталмыш құрал өзіндік орнын алатыны рас. Ақшасы бар адам басқа елдерге саяхаттай алады, армандарын жүзеге асырады, басқаларға көмек береді. Ал кейде расымен де, қиындыққа жолықтыруы да мүмкін. Бастысы, ұмытпаңыз, ақшамен жұмыс істеу кезінде сіз өз-өзіңізбен жұмыс істейсіз. Егер ақшаңызды орынды жарата білсеңіз, одан ешқандай қиын мәселе туындамайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024