Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Өскемен әуежайы 2014 жылы жолаушылар ағынын 7,8%-ға арттырды

Өскемен әуежайы 2014 жылы жолаушылар ағынын 7,8%-ға арттырды
Өскемен қаласының халықаралық компаниясы 2014 жылы 321,8 мың жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл 2013 жылғы көрсеткішке қарағанда 7,8%-ға артық. "Жолаушылар санының артуы Мәскеуге, Алматыға, Астанаға ұшатын қосымша рейстерді енгізудің арқасныда орын алды", - дейді әуежай өкілдері. Ішкі маршруттар бойынша жолаушылар саны өткен жылы 265 мың 160 адамды (8,8%-ға артқан), ал халықаралық маршруттар бойынша 56 мың 640 адамды (3,5%-ға артқан) көрсетті. Келуші жолаушылар қатары 8%-ға артып, 159 мың 908 адамды, ал ұшып кетушілер 7,6%-ға өсіп, 161 мың 892 адамды құрады. 2014 жылы әуежайда 3 мың 460 рейске қызмет көрсетілді (1,5%-ға төмен). Әуежайдың жүк айналымы 0,1%-ға өсіп, 963 мың тоннаға жетті. Өскемен қаласының халықаралық әуежайы 1965 жылы салынған.  

Похожие материалы