Экономика
Выбор редактора
Регионы
Өскеменде қант бағасы қымбаттайды
Өскемен қаласының билігі жақын арада қант бағасының өсетіндігін ескертті. "Бір қолға бір қап қант" деген шектеу өз күшінде қалады. Қалалық кәсіпкерлік бөлім тамыз айының соңында бекітілген бағаны қор біткенге дейін сақталатынын айтты. Кейін қантты жаңа бағамен алып келетін болады. Шамамен бір айда баға 210 теңгеден асуы ықтимал. Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.
Естеріңізге сала кетсек, тамыз айының соңында тәтті тауарға сұраныс күрт өскен еді. Кейін жергілікті билік шара қолданып, "бір қолға" 25 келі қант деп шектеу қойған болатын. Бұл осы жағдайды алыпсатарлар пайдаланып кетпеуі үшін жасалған еді.
Қалалық кәсіпкерлік бөлім мәлімдеуінше, олар қантты алматылық "қант корпорациясынан" жеткізіп отырады. Жақында оңтүстік астанада 1 келі қанттың көтерме бағасы 175-тен 190 теңгеге жеткен.
"Бізде қант бағасы сәл қымбат болады. Шамамен 10% -ға, яғни 210 теңге болады",- деді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Бауыржан Нұрғазин.