Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Өскеменде «Bala Turkvizyon» байқауына іріктеу өтті

Өскеменде «Bala Turkvizyon» байқауына іріктеу өтті
Өскеменде «Bala Turkvizyon» Халықаралық балалар ән байқауының іріктеу кезеңі Өскеменнен басталды. Бүгін Металлургтердің Мәдениет сарайында өткен кастингке 157 жас өнерпаз қатысты. Күршім,Глубокое, Тарбағатау, Зырян, Аягөз, Өскемен, Риддер, Семей қалаларынан келген өрендердің өнерін әнші Санда, белгілі әнші Иван Бреусов пен продюсер Эрик Тастембековпен бірге бағалады. Іріктеу кезеңінде барлық жанрда: рэп, халық әні тіпті өздері шығарған әндерді орындағандар болды. Іріктеу кезеңінің соңында барлық қатысушы Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорынан сертификат пен Ұлттық іріктеудің әнұраны жазылған CD-диск алған. Іріктеу жеңімпазы ертең, 10 маусым күні анықталады. Үздік өнерпаз жартылай финалға дайындалу үшін Алматыға, «Жұлдызды үйге» аттанады. Ол жерде арнайы ең үздік мамандар: музыканттар, хареографтар, стилистер мен қоюшы-режиссерлер жұмыс істеп, композиторлар қазақ тілінде арнайы ән жазып береді. «Жұлдызды үйде» арнайы дайындықтан өткен 16 жас өнерпаз 16, 17 қыркүйекте Астанада Ұлттық іріктеудің қорытынды кешіне қатысады. Ал, ең үздік жас әнші күзде Мары (Түрікменстан)  қаласында өтетін «Bala Turkvizyon» Халықаралық балалар байқауының Гранд-финалына алады. Конкурс аясында келесі іріктеу 13 маусым Павлодардағы Достық концерт залында өтеді. Еске сала кетейік, заманауи түркі тілдес елдердің тарихындағы алғашқы және жалғыз «Bala Turkvizyon» (Детский Turkvizyon) Халықаралық балалар әні байқауы 30 маусым күні басталған болатын. Конкурстың басты мақсаты - елдің барлық өңірінен келген дарынды балаларды ашу және оларға қолдау көрсету арқылы түркі халықтарының бірігу идеясын жүзеге асыру.

Похожие материалы