
Өскемен. 22 шілде. 7kun.kz – Елордалық тұрғын есірткіні жаңғаққа тығып, Өскемендегі түрмеге кіргізбек болған. Бұл туралы ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Пошта арқылы келген сәлемдемені тексеру кезінде грек жаңғағы қабығының ішінен ерекше иісі бар өсімдік тектес зат табылған. Сондай-ақ қағаз орамалдың ішіне тығылған телефон және тіс пастасы қорабынан ұялы телефонға арналған құлаққап табылған. Тәріленген заттар сараптамаға жіберілді.
«Барлық келіп түскен сәлемдемелерді түзету мекемесінің қызметкерлері жан-жақты тексеруден өткізеді. Сотталғандарға алуға тыйым салынған заттар тәркіленеді. Ескертулер мен түсіндіру жұмыстарына қарамастан кейбіреулер түрме қызметкерлері байқамай қалады деп үміттеніп, заңсыз затты салып жібереді», – деді ОВ 156/20 мекемесі бастығының орынбасары Ермек Айтмұқашев.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025