Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Өскемендік мұғалімдер жалақының орнына 5 теңге алған

Өскемендік мұғалімдер жалақының орнына 5 теңге алған

Өскемен. 5 мамыр. 7kun.kz – Осы айда Өскемен мектептерінің бірінің педагогтары 5 теңге жалақы алған. Жанжал есепшінің бақылауынан немесе ниетінен шыққан дейді мұғалімдер. Қазір олар жұмыс берушіге 20 миллион теңге қарызын қайтаруға міндеттелді, деп хабарлайды 7kun.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Ольга Шмидт №18 мектепте екі жылдан бері жұмыс істейді. Оның айтуынша, жалақы дауы өткен жылдың қаңтарынан бері жалғасып келеді.

«Мен 5 теңге аударылғанына таң қалдым. Басшылыққа жүгіндім, олар әлі төлемақы аудармағандықтарын айтты. Мүмкін қандай да бір қате шығар деп ойладық. Жалақымызға ешқандай сенімділік жоқ, онымен қоса өзіміз қарыз болып шықтық! Бухгалтерімізді жұмыстан босатқаннан кейін көптеген мұғалімдердің мойнына қырыз ілінген», – дейді педагог.

Жалпы, ұстаздар қауымы жұмыс берушіге мекеме есепшісінің өткен жылы қателесіп аударым жасағаны үшін 20 миллион теңгеге жуық қарызы болған-мыс. Сонымен бірге, 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап зейнетақы төлемдері ұсталса да, мұғалімдердің зейнетақы шотына ақша түскен емес.

«Өткен жыл бойы маған қосымша ақы төленбеді, ал желтоқсан айында 139 000 теңге қарыз болып шықтым. Мен мұнымен келіспеймін», – дейді мұғалім Екатерина Александрова.

Ал мектеп директорының түсіндіруінше, жыл бойы есепші 160 мұғалімге айына 10-нан 20 000 теңгеге дейін белгіленген мөлшерден негізсіз артық ақша аударып отырған. Енді бұл ақшаны мемлекетке қайтару керек.

Директордың айтуынша, ол бухгалтерді тексеруге өзі бастамашы болған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Заңсыз есептеулерге кімнің қатысы бар екендігі және олар қандай мақсатта жасалғаны әзірге хабарланған жоқ.

Похожие материалы