Алматы. 4 мамыр. 7kun.kz — 2019 жылдың 2 мамырынан бастап тұрғын үй төлемін алушыларға несие бірыңғай шарттар бойынша беріле бастады. Осылайша, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі әскери қызметшілер мен арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін тұрғын үй бағдарламасының шарттарын оңтайландырды. Яғни, займ сомасының 15%-ын құрайтын ең төменгі бастапқы жарнасы бар салымшылар несиені жылдық 8% мөлшерлемемен алатын болады.
Енді әскери қызметшілер мен арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне конкурқа қатысып, оның нәтижесін күтудің қажеті жоқ.
Бұған қоса, тұрғын үйді таңдау кезінде ешқандай шектеулер қойылмайды. Несиені жаңа үйден дайын пәтер сатып алуға, үлестік құрылысқа қатысуға немесе қайталама нарықтан баспана сатып алу үшін жұмсауға болады. Тұрғын үйді сатып алу кезінде заем сомасына пәтердің ішкі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын шығындарды қосуға болады.
Жаңа тұрғын үй бағдарламасына жеке пәтері бар, бірақ өз ведомствосы бойынша тұрғын үйге мұқтаж тұлға ретінде танылған әскери қызметкерлер де қатыса алады.
«Жаңартылған шарттарға сай, 16 млн. теңгені құрайтын алғашқы несие Талдықорғандық әскери қызметкерге берілді. Ата-анасымен тұрған ол енді өз отбасымен бірге жаңа үйдегі 4 бөлмелі кең пәтерге көшетін болады. Біздің болжамға сәйкес, осы жылы қоныс тойын жалпы 4 000 әскери қызметкер атап өтпек. Оларға несие беру мақсатында банк тарапынан 59 млрд. теңге бөлінді», - деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Айта кетейік, «Әскери өнім» бойынша несие сомасы еліміздің аймақтары мен отбасының құрамына тәуелді тұрғын үй төлемдерінің мөлшері бойынша есептелінеді. Сондықтан, әлі де өз отбасын құрмаған әскери қызметкерлер мен балалы болуды жоспарлаған отбасылардың пәтер сатып алуға асықпағандары жөн. Дәл қазіргі кезде олар үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотта тұрғын үй төлемдерін жинап, алдағы уақытта жылдық 3,5-5% мөлшерлемемен заем алу тиімді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024