Нұр-Сұлтан. 27 тамыз. 7kun.kz – ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің отставка туралы өтінішін орынды деп санайтындығын айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Өмірзақ Естайұлы тәжірибелі басшы, ұзақ уақыт бойы мемлекеттік қызметтің түрлі құрылымдарын басқарып келді. Оны расында да маңызды саяси тұлға деп атауға болады», – деді Роман Скляр.
Оның айтуынша, Түркістан облысы әкімінің қабылдаған шешімі толықтай заңды.
«Мемлекеттік қызмет туралы заңда қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденген жағдайда тікелей басшының отставкаға кету туралы өтініш беретіні жазылған, оны жоғары тұрған басшы қабылдайды немесе кері қайтарады. Сондықтан Өмірзақ Шөкеевтің әрекеті өте қисынды және дұрыс», – деді Роман Скляр.
Айта кетейік, кеше Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға өтініш жазғаны белігілі болды. Өтініш 24 тамызда жазылған.
Айта кетейік, Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажанов аса ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін Өмірзақ Шөкеев қол астындағы қызметкерлер пара алған жағдай анықталса, отставкаға кетуге дайын екенін айтқан еді.
Өмірзақ Шөкеев 2019 жылы ақпанда Түркістан облысының әкімі болып тағайындалған еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024