Танымал Skype интернет-мессенджері әлем бойынша офлайн болып қалды.
Қолданушылардың статустары көрінбей, мессенджердің өзі желіге қосылған күйі "қатып" қалған. Достар арасындағы смс-хаттар барады, бірақ біршама уақыттан соң. Бұл ақаудың туындауына қолданушылардың тұрғылықты жерлері мен қызмет провайдерлерінің қатысы жоқ болуы мүмкін. Компания бұл жағдайға байланысты ресми түрде пікірлерін білдірді. "Кейбіреулеріңізде Skype-қа қатысты мәселелер туындап, онлайнға шыға алмау қалуларыңыз ықтимал. Біз мессенджердің онлайн-статусының баптауларынан ақауды таптық. Осы мәселеге душар болғандар уақытша статустарын ауыстыра алмайды. Ал, достарына олар офлайн болып көрініп тұрады. Хабарламалар болса, бұрынғысынша жіберіледі. Статусқа қатысты ақау Skype-тың браузерлік нұсқасына қатысты емес. Біз аталған жағдайды түзетіп жатырмыз. Орын алған жайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - дейді Skype.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024