Смайылов ауылдарда жайлы өмір сүру үшін барлық жағдай қашан жасалатынын айтты
Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz – Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов 2027 жылға қарай әлеуеті жоғары 3,5 мың ауылдың бәрін Өңірлік стандарттар жүйесіне сай дамыту жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«2027 жылға қарай ауылдық елді мекендерде судың сапасы мен жолдардың жағдайы жақсарады, инженерлік желілер жөнделіп, әлеуметтік, мәдениет және спорт объектілері салынады», – деді Әлихан Смайылов.
Ол жоспарды жүзеге асыру 40 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сондай-ақ премьер-министр бөлінген қаражатты игеруде және жобаларды іске қосуда жақсы серпін бар өңірлерді атады.
«Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында жобаларды пайдалануға беру қарқыны жақсы. Бұл орайда Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстары осы көрсеткіш бойынша артта қалып отыр», – деді ол.
Ол аталған өңірлердің әкімдеріне «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыруға ерекше назар аударуды тапсырды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024