Смайылов өзіне «сенімсіз» министрлерге ескерту жасады: «Қазірден орын босатыңыздар!»
Астана. 14 желтоқсан. 7kun.kz – ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов үкімет отырысында министрлерге жұмыс істей алмайтын болса, орнын босатуға кеңес берді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Премьер-министр Мемлекет басшысының «жаңа жылға үкіметтің қазіргі құрамымен аяқ басуға бола ма?» деген сұрағына нақты жауап күтіп отырғанын министрлердің есіне салды.
«Премьер-министр ретінде мен президент жүктеген тапсырмалардың орындалып, нәтижелі шешілуі үшін бәрін жасаймын. Әр қазақстандық жұмыстың нәтижесін сезінуі үшін мұндағы үкіметтің әр мүшесі тиімді жұмыс істейді деп күтіледі. Қойылатын талаптар өте жоғары. Өз қабілеттеріне сенімді емес және шешім қабылдай алмайтындар қазірден орынды босата берсеңіздер болады. Біз халықты қолдайтын, батыл шешім қабылдап, оның жауапкершілігін көтере алатындармен ғана жұмысты жалғастырамыз», – деді ол.
Смайлов президенттің Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Республикалық штаб құрылғанын айтты. Оның құрамына орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың барлық бірінші басшылары кірді. Штаб отырыстары жүйелі түрде өткізіліп тұрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024