Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz - Соңғы апталарда Қазақстандық Халық банк, Қазкоммерцбанк, Альфа-банк, Сбербанк, Kaspi Bank, Банк ЦентрКредитке кибершабуыл жасалды. Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрлігінің өкілі БАҚ-на хабарлаған.
Көп жағдайда шабуыл клиенттердің өздеріне жасалады, тек бір ғана оқиға банктің өзіне қатысты болған.
Кибершабуылдарда хакер банк клиентін автоматтандырылған баптаулар арқылы зарар келтірілген сайтқа жолдайды. Сонымен бірге, компьютерді алыстан басқару арқылы да шабуыл жасаған оқиғалар кездеседі. Барлық дерлік жағдайда кибералаяқтар желі қолданушыларын қызықтырып өз дегендерін жасатуға тырысады. Ол белгісіз сілтеме немесе жүктеу мен ауқымды жүлделер болуы мүмкін.
Қазақстанның компьютерлік оқиғаларға жауап беретін қызметі аракідік ресми сайты мен әлеуметтік желілерде ең жиі жасалатын кибершабуылдар туралы жариялап тұрады.
Ал банктерге өз инфрақұрылымын қорғау үшін қызметкерлерін оқытуға тура келеді. Оның ішінде ақпараттық қауіпсіздікке қатысы жоқтарының да сауаттылығын арттыру қажет.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024