Алматы. 29 маусым. 7kun.kz - Елдің республикалық бюджет туралы заңына сәйкес соңғы 5 жылда ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыруға 565,1 млрд немесе $2,1 млрд жұмсалған. Оның ішінде Астана қаласының бюджетінен 1,58 млрд теңге көрмеге бағытталған, деп жазады ranking.kz.
Бөлінген бюджеттің жартысы 2016 жылы жұмсалған -267,2 млрд теңге. Биыл 77,3 млрд теңге жұмсалған. Жұмсалған қаражаттың жалпы сомасын ел тұрғындарына шаққанда әрқайсына 66 мың теңгеден келеді. 2016 жылдың мемлекеттің бюджеттің 3% ЭКСПО көрмесіне жұмсалған. Бұл елдің отын-энергетикалық дамуына жұмсалған шығыннан 30 млрд теңгеге, өнеркәсіп пен архитектура, қала құрылысына жұмсалатын шығыннан 3 есе немесе 193 млрд теңгеге артық. 2016 жылы отын-энергетикалық кешен мен табиғатты пайдалануға мемлекеттік бюджеттен 100,4 млрд теңге және өнеркәсіпті дамытуға 46,3 млрд теңге жұмсалған. Айта кетейік, 2015 жылы Миланда өткен ЭКСПО көрмесіне ел үкіметі $3,6 млрд жұмсаған еді. Ең қымбат көрме 2010 жылы Шанхайда өтті. Қытай бұған $60 млрд бөлген.Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





