Алматы. 5 мамыр. 7kun.kz - ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экстпедициясының станциялары соңғы бір тәулікте Алматыдан 160-794 шақырым қашықтықта алты жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Бастапқы екі жер сілкінісінің магнитудасы 4,4 және 4,8 балл, 4 мамыр күні сағат 12:52-де және 17:00-де Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 608 және 606 шақырым жерде Қырғызстан мен Тәжікстанның шекарасында болған. Кіндігі 5 километр тереңдікте болыпты.
Бейсенбі күні сағат 22:16-да сейсмографтар Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында, Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 794 километр қашықтықта қуаты 5,3 балл жер сілкінісін тіркеген. Кіндігі — 100 километр тереңдікте. Жұма 5 мамыр күні 00:23 және 05:39-да магнитудасы 4,5 және 4,3 екі жер сілкінісі Тәжікстан мен Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 622 және 160 шақырым жерде болды. Жер сілкіну кіндігі 5 және 15 километр тереңдікте. Жер асты дүмпулерінің сезілуі туралы ақпарат әзірге жоқ.
Дінмұхаммед Алдаберген