Украинадағы соғыста баспанасынан айырылғандар көп. Олардың ішінде ипотекаға алғандар да бар. Мысалы: Украинаның Ұлттық банкінің есебінше былтыр ғана 10 мың адам кредитке баспана алған. Олардың кейбірінің баспанасы бүлінген немесе толығымен жойылып кеткен. Алайда бұл оларды кредитті қайтару міндетінен құтқармайды екен.
The Page басылымына сұхбат берген заңгер Татьяна Козаченконың айтуынша соғыс несиені қайтарудан бас тартуға себеп емес. Соғыс уақытында несиені алушы төлем шартын орындамағаны үшін жауапты болмайды. Алайда соғыс біткен соң барлық міндеттемелер жаңартылып, қарызын қайтаруы тиіс.
«Соғыс жағдайының болуы несиені төлеуден бас тартуға себеп емес. Қарыз алушылар барлық тұтынушылық несиелерді, соның ішінде ипотеканы өтеуге міндетті. Өйткені банк үй емес, ақша берген екен. Ал үйді не істесеңіз де сіздің шаруаңыз. Заң бойынша мүліктің бүліну/жою қаупін меншік иесі көтереді», - деді заңгер.
Егер қарыз алушы банктен ақша алып, алайда соғыс салдарынан кепілге қойылған мүлкінен айырылса, қарызды қайтаруға кепілдік беру үшін оған теңестірілген басқа мүлікті кепілге қоюға міндетті. Соғысқа қарамастан барлық ақшалай міндеттемелер адамның мойнында қалады.
«Соғыс кезінде несие жоғалмайды. Банк пайыздарды есептеуді жалғастырады. Ал мүлкінен айырылу несиені қайтару міндетіне әсер етпейді», - дейді заңгер.
Алайда, соғыста баспанасынан айырылған украиндықтарға мемлекет көмектеседі. «Дія» порталы немесе қосымшасында өтініш қалдыруы керек. Арнайы процедуралардан кейін мемлекет шығынды толығымен өтеп береді.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024