Петропавл. 23 қазан. 7kun.kz - Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы болып Қанат Маратұлы Сәрсембаев тағайындалды деп хабарлайды облыстың баспасөз қызметі.
Қанат Маратұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiн екi шет тiлiнде халықаралық құқық, заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Заң ғылымының кандидаты.
Еңбек жолын 1998 жылдан «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтының заңгерi, қызметiнен бастаған.
2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiстер министрлiгiнiң Заң департаментi құқықтық сараптама басқармасының құқықтық мәселелер және құқықтық түсiндiрулер жөнiндегi даулар бөлiмiнiң бас маманы болып еңбек еткен.
2002-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Заң шығару және құқықтық сараптама бөлiмiнiң бас сарапшысы болған.
2005-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi құқықтық сараптама бөлiмiнiң меңгерушiсi болып еңбек еткен.
2011-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы болып жұмыс iстеген.
2015 жылғы қарашадан бүгiнгi күнге дейiн Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкiмi болған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024