Петропавл. 15 маусым. 7kun.kz - Мамыр айында Солтүстік Қазақстан облысында барлық топтағы тауарлар қымбаттады. Бұл туралы статистика департаменті хабарлады.
Статистика қызметкерлерінің мәліметінше, мамыр айында азық-түлік өнімдерінің бағасы 3,8 пайызға, азық-түліктік емес тауарлардың бағасы 2,4 пайызға, ақылы қызметтер бағасы 6,5 пайызға артқан.
Сонымен қатар, ет, алкогольсіз сусындар, жармалар және қант қымбаттаған. Жеміс-жидек, балық және теңіз өнімдері, сүт тағамдары және майдың бағасы көтерілген. Ал жұмыртқаның бағасы керісінше, 12 пайызға арзандады. Солтүстік қазақстандықтардың киім-кешек, аяқ киім, оқу құралдарына жұмсалатын шығыны да артты.
Баға өсімі құрылыс материалдарында да байқалған. Мейрамханалар қызметінің де құны артқан.
Статистика департаментінің ақпараты бойынша, жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі тұтынудың минималды көлемімен есептелді. Ол мамыр айында 20 824 теңгені құрады.
Дереккөз: inform.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024