Петропавл. 19 мамыр. 7kun.kz - Солтүстік Қазақстан облысында Орталық азиядағы ең ірі ет комбинаты іске қосылады. Бұл туралы СҚО баспасөз қызметі хабарлады.
Тайынша ауданына жұмыс сапары кезінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Чермошнянск ауылдық округіндегі ет комбинатының өндірістік ғимаратымен танысты. Кәсіпорын неміс технологиясы бойынша салынған және союға дейінгі мал ұстау базасымен, санитарлық сою алаңымен, ет-май, тоңазытқыш, ет өңдейтін, техникалық фабрикаттар және өрттеу цехтарымен жарақтанған. Өңір басшысы зауыттың жұмысын жандандыру етті тереңдетіп өңдеуге мүмкіндік беретіндігін және экспортқа бағдарланған өнім алуға жағдай жасайтындығын атап айтты. Өйткені Орталық Азияда оған тең келетін кәсіпорын жоқ.
«Ет комбинатының жобалық қуаттылығы – 15 мың тонна салқындатылған ет пен 9 мың тонна шұжық өнімдері. Бұл – қомақты өндіріс. Біз өнімдерімізді Ресей Федерациясына экспорттауға ниеттіміз. Біз өзімізбен шекаралас үш өңірдің үкіметімен біздің тауар өндірушілерді кіргізу үшін, сауда алаңдарын іздеуге келісетін боламыз. Ет комбинатының процесі ұзаққа созылып кетті. Ол іс жүзінде салынғаннан бері жұмыс істеген жоқ, тіпті пайдалануға берілгендігі жөнінде акті де жоқ. Қазір барлық іс тездетілді. Оны 1-1,5 айдан кейін іске қосамыз. Мұнда 100 жұмыс орны ашылатын болады»,- деді Құмар Ақсақалов.
«Біздің өнімімізді тұтыну жоғары. Сондықтан мал шаруашылығын дамыту керек дейміз. Осылай ұқсатып, жақсы нәтижелермен сату керек. Сұраныс өте көп. Бос жүрген біздің адамдарымызға жұмыс – бұл. Сондықтан біз ынталандырамыз, көмектесеміз, сұраймыз, талап етеміз», - деді Құмар Ақсақалов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024