Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz – Ағымдағы жылдың 10 айында жаңа кредиттер беру 25,1%-ға немесе 2,2 трлн теңгеге өсті. Қайта құрылымдаудан өткен және лицензиядан айырылған банктердің кредит портфелін қоспағанда, экономиканы кредиттеудің жылдық өсуі 8,3%-ға немесе 966,5 млрд теңгеге бағаланады. Бұл туралы Ұлттық Банк басшысы мәлімдеді.
Ақышевтің хабарлауынша, кәсіпорындарға теңгемен кредиттер бойынша мөлшерлеме жыл басындағы 13,2%-дан 2018 жылғы қазанда 12,5%-ға дейін төмендеген.
«Экономиканың басым секторлары үшін 600 млрд теңге сомаға ұзақ мерзімді ресурстар беру міндеті шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкі Үкіметпен және банктермен бірлесіп жобаларды қаржыландыру тетіктерін әзірледі. Бұл бағыт 2019 жылы кредиттеудің қосымша өсуін қамтамасыз етеді»,- деді бас банкир.
Ол «7-20-25» бағдарламасының 7 банк арқылы жүзеге асырылатынын атап өтті. 6 желтоқсандағы жағдай бойынша банктер 41 млрд теңге сомаға 3400 өтінімді мақұлдаған.
«Қазақстан Ұлттық Банкі халықпен белсенді түсіндіру жұмысын жүргізуде. Бағдарламаны іске асыру барысы тұрақты түрде республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жария етіледі. Сall-орталық тәулік бойы жұмыс істейді», - деп толықтырды Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024