Экономика
IT, Технология
Sony 2016 жылы дрондардың ақылы қызметін ұсынатын болады
Sony Corp. компаниясы келесі жылдың алғашқы жартысында ұшқышсыз ұшатын аппараттардың (дрондардың) қатысуымен ақылы қызметтер ұсынуды жоспарлап отыр. Қызметтерді құрылыс, ауыл шаруашылық және логистикалық секторлар қолдана алады деп жазады Bloomberg агенттігі.
Дрондар белгіленген аумақтың үстінен ұшып, жоғары сапалы суреттер түсіретін болады. Суреттер кейіннен бұлт серверіне сақталады.
Смартфондар нарығының өсуі тек смартфондарға ғана байланысты емес. Сол себепті, жаңа мүмкіндіктерді, соның ішінде дрондарды зерттеп жатырмыз", - дейді Sont мобильді технологиялар бөлімінің басшысы Хироки Тотоки.
Сарапшылардың болжамы бойынша, АҚШ-тағы дрондар нарығы 2025 жылы 82 млрд долларды құрайтын болады. Осы салаға инвестиция құйғандардың қатарында Google Inc., General Electric Co. және Qualcomm Inc бар.