Sony фотоматрицалар дайындау үшін акциялар мен айырбасталатын облигациялар шығармақ. Бұл жөнінде lenta.ru хабарлайды.
Акцияларды сату арқылы жапондық өндіруші 2,62 млрд доллар, облигациялар арқылы 970 млн доллар пайда табады деп күтілуде. Бұл қаражатты Sony камералар мен смартфондарға арналған фотоматрицалар дайындауға жұмсамақ. Компания соңғы рет 1989 жылы акциялар шығарған болатын. Sony-дің басты атқарушы директоры Кадзуо Хираи (Kazuo Hirai) корпорацияның ойын-сауық индустриясына арналған ойындар мен технологияларға баса мән беретінін айтты. Облигациялардан түскен қаражаттың аздаған бөлігі компанияның қарызын жабуға кетеді. Bloomberg мәліметтері бойынша, сатылатын активтер корпорацияның ағымдағы нарықтық бағасынан шамамен 10 пайызға бағаланып отыр. Sony-дің қаржыландыру іздеп жүргені туралы хабарлама шыққалы компания акциялары Nikkei токиолық биржасында 8,3 пайызға төмендеп кеткен.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024