Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz — Лондон соты WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассанжды кепілге босату шарттарын бұзғаны үшін 50 аптаға дейін түрмеге қамауға үкім шығарды. Бұл туралы Reuters хабарлайды.
Судья Дебора Тейлор Ассанжтың «заңға қарсы тұру және британиялық сот төрелігіне өз ықыласын білдіру үшін» артықшылықты жағдайын пайдаланғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, Ассанж 2012 жылдан бастап Эквадордың қорғауында болды. Ол Лондондағы ел елшілігінде тұрды. Алайда, 11 сәуір эквадорлық президент Ленин Морено WikiLeaks негізін қалаушыға пана болудан бас тартты. Президент өз шешімін Джулиан Ассанж құпия құжаттарды жариялауды жалғастыра отырып, басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпаудың халықаралық ережесін бұзды деп түсіндірді. Сондай-ақ, Морено айыпталушының елшілікте тыйым салынған жабдықтарды орнатқанын, бейнебақылау камераларын бұғаттағанын, дипмиссия құжаттарына қол жеткізгенін және күзетшілермен нашар сөйлескенін мәлімдеді.
Осыдан кейін Ассанж тұтқындалып, Лондондағы Вестминстерлік магистратура соты оны 2012 жылы кепілге босату шарттарының бұзылуына кінәлі деп тапты. Англия соты Швецияға экстрадициялау туралы өтінішті қарады, онда Ассанжға зорлау фактісі бойынша айып тағылған.
Сонымен қатар, АҚШ-да айыпталушыны экстрадициялауға сұраныс берді. Америкалық Әділет министрлігі оның Пентагонға қарсы компьютерді бұзу туралы келісім жасағаны үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айырылғанын мәлімдеді.
Құқық қорғау органдары Ассанж 2010 жылы АҚШ армиясында барлау талдаушысы болған Челси Мэннингпен келісімге келді деп санайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024