Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сот Гүлмира Сатыбалдының қамауға алу мерзімін ұзартты

Сот Гүлмира Сатыбалдының қамауға алу мерзімін ұзартты

Нұр-Сұлтан. 9 шілде. 7kun.kz – Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Гүлмира Сатыбалдыны қамауға алу мерзімін бір айға ұзартты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«2022 жылғы 9 шілдеде Нұр-сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Г.Сатыбалдыға қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді.

Похожие материалы