Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – Сот First Heartland Securities компаниясына тиесілі Jusan Bank активтерін бұғаттады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасында (KASE) хабарланды.
15 ақпандағы жағдай бойынша компания активетірінің жалпы құнының (131 291 843 акция) 67,58%-ы бұғатталды.
Ал өз кезегінде «Jusan bank» АҚ баспасөз қызметі азаматтық талап тек банктің шетелдік акционерлеріне қатысты екенін және банк қызметіне, сондай-ақ серіктестермен немесе халықаралық корреспондент-банктермен, халықаралық төлем жүйелерімен жасалатын қарым-қатынасқа әсер етпейтінін алға тартады.
«Банк әдеттегідей еш шектеусіз жұмыс істей береді. Jusan Bank тікелей немесе жанама түрде де жауапкер немесе соттасып жатқан тарап емес. Сондықтан Банкке ешқандай санкциялар қолданылмайды. Клиенттер алдындағы барлық міндеттемелер орындалады», - делінген банк хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін бас прокуратура Jusan тобына бақылау үлесін Қазақстанға қайтаруға мүдделі екенін хабарлаған болатын.
Сондай-ақ кейіннен Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі бұл арыз-талаптың банк клиенттерінің ақшасына қауіп төндірмейтінін хабарлады.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024