Созақ. 2 сәуір. 7kun.kz - Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында балалар мерекесіне орай, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көпсалалы цех ашылды. Бұл жөнінде ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған цехтың жұмысын жандандыру үшін, «КАТКО» ЖШС-гі тігін машиналарын, «Инкай» ЖШС-гі шаштараз бен етікші жабдықтарын алуға демеушілік көрсетіп, он екі тігін, бір қолғап машинасы алынды. Қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген цехта қазіргі таңда 14 мүмкіндігі шектеулі жан жұмысын бастады. Шаштараз, етікші, тігінші сынды мамандар қазірдің өзінде аудан халқына қызмет көрсетуде. Алдағы уақытта жұмыспен қамтылатын мүгедек жандардың саны 25- 30 адамға дейін жетіп, қосымша, компьютер жөндейтін, пластик терезе шығаратын қызмет көрсету түрлері де іске қосылады деп күтілуде. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көпсалалы цехтан тігілген киімдерді, Қазатомпром АҚ қарасты уран өндіретін компаниялар тұтынатын болады.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024