Нью-Йорк. 13 наурыз. 7kun.kz - S&P Global Ratings Қазақстанның шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ және қысқамерзімді кредиттік міндеттемелері бойынша рейтингін "BBB-" және "A-3" дейгейінде қалдырды. Бұл туралы агенттік таратқан хабарламада жазылған.
Хабарламада ұзақ мерзімді болжам - "негативті" деп көрсетілген. Ұлттық өлшемдегі рейтингте шама "kzAA" деңгейінде бекітілді. Агенттік сарапшылары елдің мұнай түсетін табысын сауда операциялары мен кірістің өзгеруін айқындайтын фактор ретінде қарастырады. Сондай-ақ, экономикадағы негізгі сектор мұнай саласы екені көрсетілген. Оның жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) үлесі - 15 пайыз.
S&P болжамынша, Қазақстан экономикасы осы жылдан басап ақырын болса да өсіп отырады. Агенттік сарапшылары 2017-2020 жылдары экономика 2,5 пайыз өседі деп көрсеткен.
"Елдің фискалды, сыртқы және экономикалық көрсеткіштері біз күткендей өзгермесе, біз Қазақстанның ұзақмерзімді рейтингін түсіреміз", - деп жазылған хабарламада.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024