Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров күніне қалай 90 мың теңге табуға болатыны туралы айтты, деп хабарлайды 7kun.kz Петропавловск.news-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қазір облыста дәнекерлеушілер мен металл жонушылар жетіспейді. Әкім осы мамандықтарды оқытатын қысқа мерзімді курстар ұйымдастырып, бірінші жартыжылдықта жұмыс күші тапшылығы мәселесін жабуды тапсырған.
«Бізде құрылыс саласында тас қалаушылар жетіспейді. Бұл мамандықты екі айдың ішінде игеріп шығуға болады. Бір шаршы метр кірпіш қалау ақысы 18 мың теңге тұрады. Адам бес шаршы метр жерге қалап, күніне 90 мың табуына болады. Ал бізде адамдар жетіспейді. Бұл жұмысты бірлесіп атқару керек», – деді Сапаров.
Сондай-ақ облыс басшысы облыс тұрғындары қандай мамандықтар сұранысқа ие екенін біліп, жақсы жалақы алулары үшін ақпараттық жұмысты сапалы жүргізуді тапсырған.
Қазір Солтүстік Қазақстан халқының 6%-ға жуығы күнкөріс деңгейінен төмен жалақы алады. Әсіресе ауылдарда жұмыссыздық жоғары деңгейге жеткен. Жұмыссыздардың басым бөлігі Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов атындағы, Есіл және Аққайың аудандарында тіркелген.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024