Астананың ең айтулы ауданында орналасқан The St. Regis Astana қонақ үйі өз меймандарына қазақтың ұлттық нақышы мен дархан қонақжайлығын үйлестірген сән-салтанаты асқан қонысты ұсынып отыр.
[caption id="attachment_76302" align="aligncenter" width="640"] Фото: hommes.kz[/caption]St. Regis Hotels & Resorts бүгін Қазақстанда өзінің тұңғыш қонақ үйінің ашылғаны жөнінде хабарлады. MG Holding девелоперлік компаниялар тобы салған бұл жобада Қазақстанның мәдени және сәулеттік дәстүрлері асқан сән-салтанатпен, кеңпейілді теңдессіз қонақжайлықпен үйлесім тапқан.
«Өрнектелген дизайнында, ұсынатын әрбір қызметінде және мейман алдына қоятын дәм-тұзында St. Regis пен Қазақстанның дәстүрлерін сән-салтанатты бейнеде келістіре білген The St. Regis Astana қонақ үйінде елдің бай тарихы мен мәдениеті ерекше айшықталған», - деп атап өтті St. Regis Hotels & Resorts бренд көшбасшысы Лиза Холладей. – «Астана – танымалдығы жылдан жылға артып, қарқынды дамып келе жатқан қала. Біз Астанаға қызмет бабымен келген саяхатшылар мен туристерге өз қызметтерімізді ұсынуға қашанда қуаныштымыз».
Елорданың Орталық саябағында жайғасқан The St. Regis Astana қызу еңбек қайнаған шулы іскерлік кварталдардан алыста орналасқан. Қонақ үйдің маңынан Бәйтерек монументі, Тәуелсіздік алаңы, «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы, «Астана Опера» опера және балет театры, шетелдік елшіліктер сынды елорданың көрікті орындарын табуға болады.
«Астананың бай мұрасы, әлемдік деңгейдегі сәулеті, EXPO көрмесі, осының барлығы қаланың әлемдік сахнадағы орнын күшейтуде», - дейді Еуропа аймағындағы Marriott International компаниясының люкс санатына жататын белгілер жөніндегі вице-президенті Дженни Бензакен. – «The St. Regis Astana кеңпейілді теңдессіз қызметі, заманауи сән-салтанаты және жоғары талғамды стилі арқылы люкс дәрежесіндегі жаңа қонақжайлық стандарттарын орнатуды көздеп отыр».
Қазақтың ұлттық нақышы
[caption id="attachment_76303" align="aligncenter" width="640"] Фото: s-ec.bstatic.com[/caption]Қонақ үйдің дизайнымен айналысқан WATG және Wimberly Interiors сынды әйгілі бюро өз жобасында көшпенділер мәдениеті мен салт жүріс өнерінен терең тамыр тартқан Қазақстанның ұлттық мұрасынан шабыт алған. Меймандар қонақ үйге келе сала, төбесі өте үлкен шынымен жабылып, дәстүрлі киіз үйге ұқсатылып көтерілген ішкі аулаға кіреді. Бұл ішкі аула қонақ үйді, резиденцияларды, бутиктер мен кеңселерді бір-бірімен жалғайтын «көпір» іспеттес. Интерьерінде заманауи әрі неоклассикалық өрнектер үйлескен қонақ үйде жергілікті және шетелдік суретшілердің қыл қаламынан шыққан 4000 заманауи өнер туындысы ілінген. Ал The St. Regis Bar артындағы қабырғада бейнеленген қазақтың аңызнамасында айрықша орын алатын алтын Самұрық құстың алып бейнесіне қонақтардың көзі бірден түседі. Қабырғаға ілінген бұндай панно тұңғыш рет компанияның алғашқы қонақ үйі - The St. Regis New York барында осыдан жүз жылдан аса уақыт бұрын пайда болған-тын. Сол кезден бері St. Regis-тің барлық барлары жергілікті мәдениеттің ұлттық нақышын арқау еткен суретпен безендендіріліп келеді.
Сән-салтанаты асқан бөлмелер және теңдессіз қонақжайлық
[caption id="attachment_76305" align="aligncenter" width="640"] Presidential-Suite-The-St-Regis-Astana-.jpg[/caption]The St. Regis Astana қонақ үйінің меймандары сән-салтанаты жарасқан 120 бөлмеде, соның ішінде терезесі Орталық саябақ пен Есіл өзеніне қараған жеке террасасы бар 23 люкс-бөлмеде жайғасатын болады. Ғимараттың жоғарғы қабатында орналасқан 510 шаршы метрлік ауданды алып жатқан Президенттік бөлме ішінде кабинетті, қонақжайды, 10 адам түстенетін үстелі бар асүйді, шарап қоймасын, сондай-ақ, саунамен жабдықталған ванна бөлмесін және 139 шаршы метрлік ашық террасаны табуға болады. Қонақ үй бөлмелерінде жайғасқан меймандардың барлығына St. Regis брендін аңызға айналдырып, оның ажырамас белгісі саналатын Жеке көмекшілер қызмет көрсететін болады.
The St. Regis Astana қонақ үйінің екі мейрамханасында меймандар жергілікті ұлттық және әлемдік тағамдардан дәм тата алады. Астанадағы ең жақсы ет, балық пен көкөністі грильде аса дәмді етіп даярлап беретін The Grill сынды заманауи мейрамхана әрбір қонаққа жеке-жеке дастархан үстелін жайып қарсы алады. Ал елордада бұрыннан белгілі La Rivière сынды мейрамхана енді The St. Regis Astana қонақ үйінде орналасып, жаңа тынысы ашылып отыр. Мұнда қонақтар жоғары деңгейлі асүйдің тіл үйіретін тағамдарынан дәм татып, шараптардың кең түрлерінен сусындай алады. Ал The St. Regis Bar-да ұсынылатын ең үздік шампан шарабы, ұзақ жылдар бойы тұндырып сақталған ерекше шарап түрлері, қолмен даярланатын сан алуан коктейльдер, соның ішінде фирмалық St. Regis Bloody Mary коктейлінен тұратын ерекше сусындар қонақтарды тамсандырмақ. Осында Nomad Snapper деген атауға ие болған коктейль Қазақстанның басты сәулеттік ескерткіштерінің бірі Бәйтеректің пішінін қайталайтын бокалға құйылып беріледі. Арақ пен қызанақ шырыны араласқан бұл белгілі коктейль құрт, аджика және Арал тұзы сынды қазақтың жергілікті дәм-тұзын қосып даярланады.
2300 шаршы метрлік ауданды алып жатқан Iridium спа-орталығында қонақтар тынығып, күш жинауға мүмкіндік беретін емшаралардың сан алуан түрлерін қабылдай алады. Атап айтқанда, емшараларға арналған 6 бөлмені, соның ішінде жеке джакузимен және саунамен жабдықталған люкс санатындағы 2 бөлмені, екі адамға арналған саунасы бар бөлмені қолдануға болады, сондай-ақ, қонақтарға сұлулық салоны, хаммам және жабық хауыз қызмет көрсетеді.
Іс-шаралар
[caption id="attachment_76304" align="aligncenter" width="760"] Фото: i0.bookcdn.com[/caption]The St. Regis Astana іскерлік және салтанатты іс-шараларды өткізуге арналған елордадағы ең айтулы орынға айналады деп күтіліп жатыр. Бүкіл залдардың жалпы ауданы 1000 шаршы метрді алады. 520 шаршы метрлік ауданда 575 адамды емін-еркін қабылдай алатын «Астор» бал залы сән-салтанаты ешкімге дес бермейтін үйлену тойлары мен үлкен іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді. Бағанасыз көтерілген биіктігі алты метрлік төбелер, жеке VIP-есік, еденнен төбеге қарай тартылған терезелер, сәнді әрі маңғаз Симург құсының бейнесінде әшекейленген аспашамдар, жайлы pre-function аймағы, тағысын тағылармен ерекшеленетін «Астор» бал залын таңдай қақтырар бірегей орындарға жатқызуға болады.
St. Regis Hotels & Resorts
[caption id="attachment_76306" align="aligncenter" width="640"] Фото: i.ytimg.com[/caption]Дәстүрлі сән-салтанатты заманауи сезімталдықпен үйлестіре отырып, St. Regis әлемнің ең көрікті жерлерінде орналасқан 40 дәулетті қонақ үйі мен шипажайында өз қонақтарына айрықша әсерді сыйлайды. Джон Джейкоб Астор IV осыдан бір ғасыр бұрын тұңғыш рет Нью-Йоркте ең алғашқы қонақ үйін ашқан сәттен бастап, St. Regis қонақ үй желісі осы брендтің ажырамас белгісіне айналған, қонақтардың тілек-қалауын күн ілгері сезіп, бұлжытпай орындайтын жеке көмекшілер арқылы жоғары деңгейдегі теңдессіз қызметтерді ұсынуды жалғастырып келеді. Премиум санатына жататын бұл бренд 2018 жылға қарай өз желісін 50 қонақ үйге дейін жеткізуді жоспарлап отыр. St. Regis қонақ үй желісі бірталай марапаттарға ие болған Starwood Preferred Guest® бағдарламасына қатысуды үлкен құрмет санайды.
Marriott International
[caption id="attachment_76307" align="alignleft" width="750"] Фото: media.bizj.us[/caption]Marriott International, Inc. (NASDAQ: MAR) АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Вифезда (Bethesda) қаласында орналасқан. Компанияның әлемнің 125-тен астам еліндегі 30 жетекші брендке жататын 6200 қонақ үйі бар. Mariott қонақ үйлер мен шипажайларды басқарумен, олардың франчайзингімен, сондай-ақ, көптеген тұлғалардың ортақтасып иелік ететін шипажай меншіктерін лицензиялаумен айналысады. Сондай-ақ, компания түрлі марапаттарға ие болған ниеттестік бағдарламаларын басқарады, соның ішінде The Ritz-Carlton Rewards® және Starwood Preferred Guest® жүйелерінен тұратын Marriott Rewards® бағдарламасы бар.
MG HOLDING
[caption id="attachment_76311" align="alignleft" width="200"] Фото: static.crewative.ru[/caption]MG HOLDING - 2012 жылы негізі қаланған қазақстандық компаниялар тобы. Компания Қазақстан Республикасында және ТМД аумағында инвесторлар мен әлеуетті бизнес серіктестердің кең қызығушылығын тудыруы тиіс бірқатар ірі жобаларды дамытып жатыр. Сондай жобалардың қатарына компанияның ең басты тұңғыш озық жобаларының бірі - The St. Regis Astana қонақ үйі мен резиденциялары жатады.
MK
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024