Түркиялық полицейлер рейд жүргізу кезінде Стамбулда болған терактіге қатысы бар деген күдікпен 9 адамды ұстады. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Терактіге қатысты операция бойынша қазір Стамбулда, Измирде және шет аймақтарда бірнеше жүз полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Іздестіру жұмыстары кезінде кейбір мекен-жайлардан оқ ататын қарулар мен электронды ақпарат тарататын құрылғылар тәлкіленді. Ұсталғандар "Ислам мемлекеті" (ИГ, Қазақстанда тыйым салынған) террористік топ мүшелеріне көмек көрсетті деген күдікке ілініп отыр.
Еске салайық, 28 маусым күні кешке Түркияның Ататүрік атындағы әуежайында үш бірдей жарылыс болған еді. Оқиға салдарынан соңғы мәліметтер бойынша 42 адам қаза тапты, оның 13 шетелдіктер, 239 адам жараланған.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024