Starbucks-тың бас директоры қызметінен кетеді, компанияны негізін қалаушы басқарады
Starbucks Corp (SPB: SBUX) желісінің президенті және бас атқарушы директоры Кевин Джонсон 2022 жылдың 4 сәуірінде қызметінен кетеді, деп хабарлады компания.
Starbucks-ты соңғы 5 жыл басқарып келген Джонсон қыркүйек айына дейін директорлар кеңесінің серіктесі және арнайы кеңесшісі қызметін атқарады.
Джонсон кеткеннен кейін Starbucks-тың негізін қалаушы Ховард Шульц бас директор қызметіне өзі кіріседі. Шульц бұған дейін бұл қызметті, сонымен қатар 2018 жылға дейін Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Хабарламада Шульц бар болғаны 1 долларға уақытша бас директор ретінде жұмыс істеуге келіскені айтылады.
Жаңа бас директор ағымдағы жылдың күзіне дейін тағайындалады деп күтілуде.
«Бізде директорлар кеңесіне әлеуетті кандидаттарды іздеуге және ұзақ мерзімді табысқа әкелетін дұрыс шешім қабылдауға уақыт беретін, уақытша төраға қызметін атқаруға дайын құрылтайшы болғаны үшін өте бақыттымыз», - деді Джонсон.
Сәрсенбі күнгі Нью-Йорктегі сауданың ашылуында Starbucks акциялары 6,3%-ға қымбаттады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024