Нұр-Сұлтан. 18 мамыр. 7kun.kz – ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирустық инфекцияның "стелс-омикрон" жаңа штаммы туралы айтып берді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айутынша, «стелс-омикрон» Қазақстанның 12 өңірінде, негізінен Алматы, Нұр-Сұлтан сияқты ірі мегаполистерде анықталған.
«Коронавирустық инфекцияның бұл түрі «дельтаға» қарағанда оңайырақ. Бірақ бұл қауіпті, өйткені ол тез таралып, қайталануы мүмкін. Сондықтан, бүгінде оның республика бойынша кең таралып жатқанын көріп отырмыз. Мониторинг күн сайын жүргізіледі. Симптомдармен емделетін барлық пациенттер толық ем алады. Біз бұл штамм аурудың осы ағымында қандай да бір карантиндік шараларға әкеледі деп күтпейміз», – деді министр.
Министр қазір барлық карантиндік шаралар алынып тасталып, негізінен халық арасында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Өңіраралық комиссия отырысында шектеу шараларын жеңілдету мәселелері қаралды. Бүгінде елімізде барлық карантиндік шаралар алынып тасталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, соңғы аптада әлемде COVID-19 ауруының көрсеткіші 12%-ға төмендеді», – деді Ажар Ғиният.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024