
«Еуразия» сақтандыру компаниясы Страдивари және Гварнери скрипкаларын қайта сақтандырды. Сақтандырудың жалпы құны 270 млн теңгені құрады.
Сақтандыру келісім шарты бойынша өрт жағдайында, аспаптарды сақтайтын орындарынан мерекелік іс-шараларға апару үшін тасымалдау барысында, табиғат жағдайларында және т.б мүліктік қатер төнгенде өтелетін болады.
Әлем бойынша Страдивари скрипкасының 650-ге жуық, Гварнеридің 140-қа жуық түрлері сақталған. Скрипкадағы атақты орындаушылардың көбі осы аталған скрипкаларды таңдаған. Мәселен, Крейслер, Стерн, Хейфец, Коган - Гварнериді, Ойстрах Страдивари скрипкасында ойнағанды жөн көрген.
Атап өтуге тиісті бір жәйт, Гварнери скрипкалары 2 есе қымбат тұрады.
Музыканы зерттеуші тарихшылардың айтуынша, Страдивари скрипкасы өзімен-өзі ойналатын, ғажап дауысқа ие аспап, ал Гварнери скрипкалары кең диапазонды әрі ойнау үшін асқан шеберлікті талап етеді.