Алматы. 19 қаңтар. 7kun.kz - Студенттердің 70%-ға жуығы жоғары білімді ақылы түрде алады. 2016 жылы мемлекеттің жоғары оқу орындарында 366,8 мың студент ақылы оқыған. Бұл 2015 жылға қарағанда 6,5%-ға көп деп жазады Finprom сараптамалық қызметі.
Соңғы жылдары жалпы жоғары оқу орындарында ақылы түрде оқитын студенттер саны көбейді. Оған әсер еткен – демографиялық көрсеткіштер. Яғни соңғы жылдары 19-24 жастағы жастар саны да көбейген.
Ақылы негіздегі студенттердің тек 1%-ы ғана оқу орнының есебінен білім алған. Ал қалғандары жоғары білім төлемін өздері жасаған.
Ақылы оқитын студенттердің ішінде ең танымал сала – білім (29%). 19,8%-ы экономика, бизнесті және әлеуметтік ғылымдар. 16,7%-ы техникалық мамандықтар бойынша және қалған 14,1%-ы заңгерлік бағытты таңдаған.
Салыстыру үшін білім грантын алған студенттердің ішінде көпшілігі техникалық ғылымдарда (37,7%), денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (20,5%) сынды кадрлық резервтерді толтырады. Ал білім беру мамандықтарын тек 17,5%-ы меңгереді.
Білім грантын ала алмаған студенттер білім беру кредиті мемлекеттік бағдарламасын пайдалана алады. Бағдарлама бойынша АҚ «Қаржы орталығынан» кепілдеме арқылы білім беру кредитін ала алады.
«Қаржы орталығының» кепілдеме арқылы берілетін білім беру кредиттерін түлектер де, Қазақстанның барлық оқу орындарының студенттері де ала алады.
Білім беру кредиттерін Қазақстанда 5 екінші деңгейлі банк ұсынып отыр. Олар: Сбербанк, Нұрбанк, Халық Банк, ForteBank (Т.Рысқұлов атындағы ЭУ түлектеріне ғана береді) және Tengri Bank. Ал қарызды кепілдеме бойынша 4 қана банк бере алады. Халық Банк мұндай кредитті беруден уақытша бас тартқан.
Сбербанкте кредиттің ең ұзақ мерзімі – 144 айға дейін. Ал қалған екінші деңгейлі банктердің мерзімі – 120 ай.
3 банк ең жоғары нақты сомманы көрсетті. Олар: Tengri Bank – 6 млн теңгеге дейін, Нұрбанк – 5 млн теңгеге дейін және ForteBank – 3 млн теңгеге дейін кредит береді. Сбербанк оқу ақысының 100% соммасын жабады, Ал Халық банктің талабы бойынша алынатын сомма кепілдеме құнының 70%-нан аспауы тиіс.
Ең минималды мөлшерлеме Сбербанкте - 19,5%, ал нарықтағы орташа мөлшерлеме - 24,4%-дан басталады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024