Өткен демалыс мыңдаған отандасымыздың үй-жайларына қауіп төнген күн болды. Су тасқынанан эвакуацияланған адамдардың саны Қазақстан бойынша 4715-ке жетті.
Бір ауданда енді ғана су тасқынына дайындалып жатса, енді бірінде шығындарын есептеп сарсаңға түсті. 7күн ұжымы алдарыңызға қазақстандықтардың тілсіз жаумен қалай күресіп жатқаны жайлы фоторепортаж ұсынады.
[caption id="" align="alignnone" width="960"] Фото: ҚР ІІМ ТЖК[/caption]Қазіргі таңда Ақмола облысындағы Атбасар, Сандықтау аудандарында Жабай өзенінің жағасында орналасқан үйлердің тұрғындарын эвакуациялау жалғасып жатыр.
[caption id="" align="alignnone" width="1066"] Фото: ҚР ІІМ ТЖК[/caption]Ақтөбе облысында су тасқынынан балалар мінген автобус жол жиегіне шығып кеткен. Мұнда тек 17 сәуірдің өзінде 700 адам эвакуацияланған.
[caption id="" align="alignnone" width="1032"] Фото: ҚР ІІМ ТЖК[/caption]Су тасу қаупі бар ауылдардағы тұрғындар арнайы көліктермен эвакуацияланды.
[caption id="" align="alignnone" width="1280"] Фото: ҚР ІІМ ТЖК[/caption]Ал үйлері су астында қалып қойған елді-мекендегі адамдарды құтқарушылар қайықпен алып шықты.
[caption id="" align="alignnone" width="1032"] Фото: ҚР ІІМ ТЖК[/caption] [caption id="" align="alignnone" width="1052"] Фото: ҚР ІІМ ТЖК[/caption] [caption id="" align="alignnone" width="1280"] Фото: ҚР ІІМ ТЖК[/caption] Солтүстік Қазақстанда Мүсірепов ауданындағы төрт елді-мекендегі 235 тұрғын үй су астында қалған. [caption id="" align="alignnone" width="800"] Фото: Информбюро[/caption] Солтүстік қазақстан облысында ауылдарды су тасқынынан қорғау үшін жолды бұзып жатыр. [caption id="attachment_67740" align="alignnone" width="1000"] Ақмола облысында су басып қалған мектеп /Фото: желі қолданушысы Nurzhan Baimuldin (Facebook)[/caption]
Ал Ақмола облысындағы мектептерде сабақтар тоқталды. Мысалы, Атбасардағы №1 мектепті су басып қалды. Мұндағы тағы 8 мектеп тәуекелге бармай 17 сәуірде дәріс өткізбейтін болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024