Судья қаңтар оқиғасы бойынша қамауға алынған белсендінің сотынан кейін бірден қайтыс болды
Қазақстан. 8 маусым. 7kunkz – Апелляциялық алқаның судьясы Біржан Кәрібжанов қамауға алынған Қосай Маханбайға қатысты сот отырысынан кейін бірден есінен танып қалды. Судьяны құтқару мүмкін болмады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Кеше 15 тәулікке қамауға алынған Қосай Маханбайдың арызы бойынша сот отырысы өтті. Апелляциялық алқа судьялары қамауға алу шешімін өзгеріссіз қалдырып, бірінші сатыдағы сот шешімімен келіспеген Маханбайдың шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.
Сот отырысынан кейін судья Біржан Кәрібжанов өзін нашар сезініп, есінен танып қалды. Оған алғашқы медициналық көмекті білімі бойынша дәрігер, тұтқындалған Қосай Маханбай көрсетті. Оның айтуынша, ол судьяға жасанды тыныс алу көмегін көрсетіп, бүйіріне жатқызған.
Оқиға орнына келген дәрігерлер судьяны аман алып қала алмады.
Айта кетейік, Қосай Маханбай мен азаптаутар туралы мәлімдеген тағы төрт адам бірінші маусымда Алматы прокуратурасына келіп, қаңтар оқиғасында қамауда болған адамдарды азаптаған офицерлердің жауапқа тартылуын талап етті. Бесеуі де бірден қамауға алынды.
Тэги:
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





