Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сүлейменов тағы бір қызметке тағайындалды

Сүлейменов тағы бір қызметке тағайындалды

Алматы. 14 желтоқсан. 7 kun.kz – Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов "Самұрық-Қазына" директорлар Кеңесі жанындағы Стратегия жөніндегі комитеттің төрағасы болып сайланды.

Министрліктің хабарлауынша, Стратегия комитеті мемлекеттік стратегиялық міндеттерді жоспарлау және іске асыру мәселелерін қарау үшін құрылды.

Комитет "Самұрық Қазына" Директорлар кеңесінің тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органы болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, Тимур Сүлейменов 2016 жылдан бастап Ұлттық экономика министрі қызметін атқарады.

Похожие материалы