Нұр-Сұлтан. 28 маусым. 7kun.kz – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов экспорт үшін 54 млрд теңге көп деп есептемейді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Сұлтанов журналистерге берген жауабында 54 миллиард теңге бір жылға емес, үш жылға есептелетінін түсіндірді. Қаржы экспорттаушыларды қолдауға, маркетингтік зерттеулерге, нарықты, өнімдер мен мамандарды дайындауға жұмсалады.
«Бұл көп емес, өйткені оның тиімділігі айтарлықтай жоғары. Мәселен, егер өткен жылы біз шамамен 8,5 млрд теңге жұмсасақ, онда осы экспорттаушыларды ілгерілету есебінен шамамен 200-ге жуық, дәлірек айтқанда 178 млн доллар экспорттық келісімшарттар жасалды. Жыл сайын дәл осы экспорттаушылар бюджетке 67 миллиард теңгеге жуық кіріс әкеледі. Бұл жерде күмәнді ештеңе жоқ. Әр теңгенің тиімділігі өте жоғары», – деді Сұлтанов.
Оның айтуынша, осы бағдарлама аясында Қазақстан алғаш рет Бангладешке авиацияға арналған жаттығу кешендерін жеткізе бастады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024